
Еңбекші ауылдық округінде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бағыттарына ерекше назар аударылды.Тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









