1 / 3
Еңбекші ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық адамдықтың белгісі» атты ақпараттық акция ұйымдастырылды.
Акция барысында ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жастарды адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.









