Қызылорда облысының кәсіпкерлерінің назарына!
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Электрондық пошта мекенжайы: [email protected]
Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, +7 (7242) 60-54-07.
Конкурстың нысанасы: Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздарына мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (kezekte.kz цифрлық платформасы).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады. («Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» қағидаларына сәйкес)
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы «5» қазаннан бастап 2026 жылғы «12» қазанына дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің: gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1300707?lang=kk ресми сайтында танысуға болады.








