Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) сауда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, 60-54-07 Өтінімдерд і қабылдау нысанасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Өтінімдерді беру орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың «1» маусымынан бастап 2026 жылдың «15» маусым аралығы (жұмыс күндері) Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2026 жылдың «1» маусымы сағат 09:00 Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уа қыты: 2026 жылдың «15» маусымы сағат 19:00 Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады: 1 санат – келесі халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; мүгедектігі бар адамдарды; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді; зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды; аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды; наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; қандастарды. 2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; 3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; - әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; - азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер; - коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімделуді көздейтін қызметтер, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтер; - медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу; - мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру; - қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары; - мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу. 4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері: - отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер; -Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру; -мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету; - әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту; -мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері) - қоршаған ортаны қорғау; - халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады. Скачать приложение категорий

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді

    Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылдың сәуір айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған орай, аталған саланың қызметіне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға ұсыныс пен пікірлеріңіз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимаратында орналасқан «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге және [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады. Сонымен қатар, Басқарманың сенім телефонына 8(7242) 60-54-07 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

    25 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2026 жылдың сәуір айында ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде хабарландыру

    «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2026 жылдың сәуір айында ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлайды.

    17 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

    Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, 60-54-07 Өтінімдерді қабылдау нысанасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.07.2023 жылғы №140 бұйрығымен бекітілген Қағидалар шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Өтінімдерді беру орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: 2025 жылдың «01» желтоқсанынан бастап 2025 жылдың «15» желтоқсан аралығы (жұмыс күндері) Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2025 жылдың «01» желтоқсаны сағат 09:00 Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2025 жылдың «15» желтоқсаны сағат 19:00 Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына» (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады: 1 санат – келесі халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері: мүгедектігі бар адамдарды; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді; зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды; аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды; наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; қандастарды. 2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; 3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер; коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімделуді көздейтін қызметтер, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтер; медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу; мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру; қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары; мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу. 4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері: отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету; балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету; әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту; мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі); қоршаған ортаны қорғау; осы Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады. Скачать приложение категорий

    13 қараша 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қызылорда облысының кәсіпкерлерінің назарына! Конкурс өткізу туралы хабарландыру!

    Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Электрондық пошта мекенжайы: [email protected] Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, +7 (7242) 60-54-07. Конкурстың нысанасы: Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздарына мемлекеттік грант беру. Конкурс нысаны: ашық конкурс. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы ( kezekte.kz цифрлық платформасы). Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады. («Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» қағидаларына сәйкес) Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы «20» қазаннан бастап 2025 жылғы «24» қазанына дейін қоса алғанда. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар берудің Қағидасымен төмендегі сілтемелерге өту арқылы таныса аласыз: adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000754#z2383

    14 қазан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру!

    Анықтама «30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» – Mining C Metals Central Asia және «21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» – Kazcomak 2025 көрмелері туралы Өткізілетін күндері: 2025 жылғы 17–19 қыркүйек Өткізілетін орны: 7, 8, 9, 10, 11 павильондары және көше экспозициясы, «Атакент» ҚІЫО, Алматы, Қазақстан 2025-ші жылдың басты оқиғасы – Орталық Азиядағы тау-кен өнеркәсібі бойынша ең ірі көрменің 30 жылдық мерейтойы. Mining s Metals Central Asia – өңірдегі саланың көшбасшыларын, өндірушілерді, жеткізушілерді және мамандарды біріктіретін ең ірі кәсіби алаң. Kazcomak – жол және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы маңызды іс-шара, мемлекеттік және жеке компаниялардың назарын аударады. Экспозиция алаңы: 20 000 ш.м. (көше алаңын қоса алғанда) Расталған ұлттық стендтер: 8 елден – Австрия, Ұлыбритания, Германия, Канада, Иран, Қытай, Ресей, Түркия Қатысушылар саны: 30 елден 500+ қатысушы Ауыр техника саны: 50+ Күтілетін келушілер саны: 6000+ адам 2025-ші жылғы қатысушылар тізімі сілтеме бойынша Делегациялар келетін елдер: Иран, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және т.б. Көрмеге тегін кіру билеті – MMC2025SPR промокоды бойынша, mining-metals.kz сайтында Негізгі бөлімдер: Ашық тау-кен жұмыстары Жерасты тау-кен жұмыстары Пайдалы қазбаларды байыту Кен орындарын барлау Металл өңдеу Зертханалық-талдамалық жабдықтар Пайдалы қазбаларды тасымалдау Өнеркәсіптік қауіпсіздік Ресми қолдау: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    21 шілде 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер қойнауын пайдалану жөніндегі қандай операциялар жүзеге асырылады

    Жауап

    Геологиялық зерттеу, барлау, өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану және кен іздеушілік. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекстің 22-бабына сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану және кен іздеушілік операцияларын жүзеге асыру үшін беріледі.

    ·
    Сұрақ

    «Инвестициялық жоба арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың аумағында орналасқан жағдайда қандай салықтық және кедендік жеңілдіктер мен преференциялар қолданылады? Олардың мөлшерлемелері мен қолданылу мерзімдері қандай?»

    Жауап

    АЭА «Қорқыт Ата» – салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. «Өндіріс» индустриялық аймағы – дайын инфрақұрылым мен инвестициялық преференцияларды алу мүмкіндігін ұсынады. «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы: корпоративтік табыс салығы (КТС) – 0%; жер салығы – 0%; мүлік салығы – 0%; кедендік жеңілдіктер; еркін кеден аймағының кедендік рәсімі; жер учаскесін сатып алудың басым құқығы. «Өндіріс» индустриялық аймағы: дайын инженерлік инфрақұрылым; жер учаскесін ұсыну; инвестициялық келісімшарт жасау мүмкіндігі; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жекелеген инвестициялық преференцияларды алу мүмкіндігі.

    ·
    Сұрақ

    Металл сынықтарын жинау және қабылдау пунктін ашқым келеді. Ол үшін қандай рұқсат қажет және негізгі қандай талаптарды орындауым керек?

    Жауап

    Металл сынықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу үшін екінші санаттағы рұқсат қажет. Қазақстан Республикасында түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсат қажет. Рұқсат алу үшін заңды тұлға бірқатар талаптарға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық, өрт және экологиялық талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік база, металл сынықтарын тасымалдауға арналған көлік құралы, сондай-ақ автокөлік немесе теміржол кірме жолдары бар жер учаскесі болуы қажет. Сонымен қатар, кәсіпорында металл сынықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу тәртібі туралы басшы бекіткен нұсқаулық және тиісті жабдықта жұмыс істей алатын білікті персонал болуы тиіс. Өндірістік базада металл сынықтарын бөлек сақтау орындары, сұрыптау, кесу және пакеттеу үшін қажетті жабдықтар, өрт қауіпсіздігі құралдары, таразы және металл сынықтарының радиациялық деңгейін өлшейтін тексерілген дозиметриялық немесе радиометриялық жабдық болуы талап етіледі. Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығымен бекітілген. Аталған талаптар 2024 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізілген. Құжат қабылдау кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Металл сынықтарын жинау және қабылдау пунктін ашқым келеді. Ол үшін қандай рұқсат қажет және негізгі қандай талаптарды орындауым керек?

    Жауап

    Металл сынықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу үшін екінші санаттағы рұқсат қажет. Қазақстан Республикасында түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсат қажет. Рұқсат алу үшін заңды тұлға бірқатар талаптарға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық, өрт және экологиялық талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік база, металл сынықтарын тасымалдауға арналған көлік құралы, сондай-ақ автокөлік немесе теміржол кірме жолдары бар жер учаскесі болуы қажет. Сонымен қатар, кәсіпорында металл сынықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу тәртібі туралы басшы бекіткен нұсқаулық және тиісті жабдықта жұмыс істей алатын білікті персонал болуы тиіс. Өндірістік базада металл сынықтарын бөлек сақтау орындары, сұрыптау, кесу және пакеттеу үшін қажетті жабдықтар, өрт қауіпсіздігі құралдары, таразы және металл сынықтарының радиациялық деңгейін өлшейтін тексерілген дозиметриялық немесе радиометриялық жабдық болуы талап етіледі. Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығымен бекітілген. Аталған талаптар 2024 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізілген. Құжат қабылдау кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін алу үшін келесідей жолдары бар: 1. ҚР Жер кодексінің 48-бабында көрсетілген ерекше жағдайларға сәйкес жер учаскесін сауда-саттықсыз алу. Бұл ретте, жоба инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде болуы қажет. Сондай-ақ, серіктестік ұсынған жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, инвестициялық жоба ретінде танылуы үшін «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына сәйкес әкімдікке өтінішпен жүгіну керек. 2. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітіліген. Осы қағида талаптарына сәйкес, жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жер учаскесін беру қарастырылған. Осыған орай, жоба бастамашысы бірыңғай индустрияландыру картасына ену үшін жоба бойынша құжаттарды қағида талаптарына сәйкес ұсыну қажет. 3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына сәйкес аталған жер телімін заттай грант ретінде алу. Аталған мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін Сізге ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетімен «Инвестициялар туралы келісімге» қол қою қажет. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 283-бабына сәйкес инвестициялық жобаларға кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату және мемлекеттiк заттай гранттар түрінде инвестициялық преференциялар беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпорын ашып, жаңа жоба іске асыратын болсам қайда орналастыруға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы №336 қаулысы сәйкес өңірде жалпы аумағы 550 гектарды құрайтын Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағы құрылды. Аймақ үш ішкі аймақтан тұрады: авиацияға қызмет көрсету (50 га), қоймалау және сақтау (100 га) және өнеркәсіптік аймақ (400 га). Мұнда құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, көлік-логистика және инновация салаларындағы жобаларды жүзеге асыру көзделген. 2025 жылғы №470 бұйрық бойынша АЭА аумағында іске асырылатын қызметтің 18 басым түрі бекітілген. Қазіргі уақытта инфрақұрылымды жүргізу бойынша жобалық құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар, облыста жалпы ауданы 515,01 гектарды құрайтын 6 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Олардың ішінде Өндіріс индустриялық аймағы республикалық маңызы бар, ал Шиелі индустриялық аймағы өңірлік маңызға ие. Аталған аймақтардың басқарушысы – Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы ЖШС (құрылтайшылары: Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы – 96%, Қызылорда облысының әкімдігі – 4%). Индустриялық аймаққа қатысушы болу үшін өтініш беруші 2019 жылғы №599 бұйрық талаптарына сәйкес белгіленген нысанда өтінім, заңды тұлға құжаттары, қаржылық есептілік, техникалық-экономикалық негіздеме, сондай-ақ банк және салық органдарынан анықтамалар ұсынуы қажет. Бұдан бөлек, облыста шағын өнеркәсіптік аймақ аясында тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеу жобаларын орналастыруға жағдай жасалған. Осылайша, ауқымды әрі экспортқа бағытталған жоғары технологиялы жобаларды Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағы аумағында орналастыру тиімді, ал шағын және орта өндірістік жобалар үшін индустриялық немесе шағын өнеркәсіптік аймақтар қолайлы болып табылады.

    ·
    Хаттама

    Хаттама №16

    Хаттама №16

    Жарияланды:
    Хаттама

    Хаттама №15

    Протокол №15

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, 60-54-07 Өтінімдердіқабылдау нысанасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі№ 140 бұйрығы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Өтінімдерді беру орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың «1» қыркүйектен бастап2026 жылдың «15» қыркүйек аралығы (жұмыс күндері) Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2026 жылдың «1» қыркүйек сағат 09:00 Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2026 жылдың «15» қыркүйек сағат 19:00 Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады: 1 санат – келесі халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; мүгедектігі бар адамдарды; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді; зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды; аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды; наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; қандастарды. 2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; 3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; - әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; - азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер; - коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімделуді көздейтін қызметтер, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтер; - медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу; - мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру; - қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары; - мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу. 4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері: - отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер; -Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру; -мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету; - әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту; -мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері) - қоршаған ортаны қорғау; - халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады. Скачать приложение категорий

    Жарияланды:
    Хаттама

    Хаттама № 14

    Хаттама № 14

    Жарияланды:
    Есеп

    Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 2 тоқсанына бюджеттің атқарылуы жөніндегі мәлімет

    Қаржыландыру жоспары бойынша 2026 жылдың 1 шілдесіне 1 180 307,0 мың теңге қаралып, 1 179 996,2 мың теңге игерілген немесе қаржыландыру жоспары 100 пайызға орындалған, оның ішінде: 265 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 185 543,0 мың теңге бөлініп, 185 232,7 мың теңге игерілген немесе 99,8%; 265 014 «Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бағдарламасы бойынша 994 764,0 мың теңге қаралған, 994 763,5 мың теңге игерілген немесе 100%;

    Жарияланды:
    Есеп

    Азаматтық бюджет 2026

    Жарияланды: