Басқарма төрағасы
"Байқоңыр" ӘКК басқарма төрағасы
Ерлан Бердібаев Қызылорда қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1984 жылы Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекторы ретінде бастаған. 1986-1987 жылдары Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисі, 1987-1989 жылдары Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында №239 орта мектеп мұғалімі, 1989-1992 жылдары Жаңақорған ауданының "Талап" кеңшарының аға экономисі, 1992-1996 жылдары Жаңақорған ауданы әкімшілігі жанындағы экономикалық комитеттің бөлім меңгерушісі, қаржы бақылау комитетінің аға бақылаушысы, тексерушісі қызметтерін атқарған.