Берденова Жанар Серикқызы

    Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары

    Берденова Жанар Серикқызы
    Заместитель руководителя управления

    Берденова Жанар Серикқызы

    Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Берденова Жанар Серікқызы Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген.

    1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист-менеджер"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы әкімдігінің инспекторы болып бастаған.

    2001 жылдан 2004 жылға дейін Қызылорда облысының Өңірлік даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    2005-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы, басшысы болып жұмыс істеді.

    2008 жылғы 13 наурыздан 2011 жылғы қарашаға дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    2011 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін - "Атамекен Одағы" ҚҰЭП ЗТБ Қызылорда филиалы директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы.

    2013-2023 жылдары - кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы, индустриялық-инновациялық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы, индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы.

    2023 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері