
Мұратова Мөлдір Қайратқызы
Cыртқы байланыстар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мұратова Мөлдір Қайратқызы 1992 жылы 1 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген.
2013 жылы Қытай Халық Республикасы, Сиань қ., Шэньси педагогикалық университетін “қытай тілі және әдебиет” мамандығы бойынша бітірген.
2013 жыл - Болашақ университеті "Қаржы және есеп" мамандығы бойынша бітірген.
2016 жыл - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің “мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша магистратура бітірген..
Еңбек жолын 2013 жылы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті, халықаралық байланыстар басқармасында аудармашы қызметінен бастаған.
Қазан, 2015 – тамыз, 2018 ж. – Қызылорда қаласының "Ақ Жол" автомектебінде директордың іс-жүргізушісі.
Тамыз, 2018 – маусым, 2019 ж. – «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» сыртқы байланыстар бөлімінің әдіскері.
Маусым, 2019 – мамыр, 2023 ж. - «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы.
Мамыр, 2023 – кыркүйек, 2024 ж. - «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» өнеркәсіпті дамыту және қолдау бөлімінің бас маманы.
Қыркүйек , 2024 ж. - «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы.
2024 жылы 1 қазаннан бастап «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» инвестиция тарту және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы.