
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен әлеуметтік және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселелері бойынша азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» өткізілді.
Іс-шара барысында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтары, қажетті құжаттар, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралар халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған.







