
2026 жылғы 2 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Көрнекі ақпарат – қала айнасы» акциясы аясында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында кәсіпкерлік нысандарындағы деректемелер мен көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізілді.
Бөлім мамандары кәсіпкерлерге көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты рәсімдеуге қойылатын талаптар мен нормаларды түсіндіріп, көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша әдістемелік кеңес берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне көрнекі ақпаратты рәсімдеу талаптары және тіл заңнамасының нормалары қамтылған ақпараттық материалдар ұсынылды.








