Пробация үйінде азаматтарды қабылдау

    Пробация үйінде азаматтарды қабылдау

    Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әзірлеген шығу кестесіне сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында Пробация үйінде азаматтарды қабылдау өткізілді.

    Қабылдауды Департаменттің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Усубалиева Шолпан жүргізді.

    Қабылдау барысында азаматтарға әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін алу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында азаматтардың әлеуметтік мәселелері қаралып, оларды шешу бойынша қажетті кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары