
Абай облысында спорт пен мәдениетті ұштастырған «Көркейген өлке – Көкпекті» спорт және мәдениет фестивалі аясында бұқаралық марафон ұйымдастырылды.
Жарысқа 65-тен астам қатысушы қатысып, спортшылар 3 шақырым қашықтықта өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция аға лейтенанты Канафин Ертай Өмирзақұлы 3 шақырымдық жүгіруден III орын иеленді.
Полиция қызметкері үшін бұл жетістік – қызметтік міндеттерді атқарумен қатар, дене дайындығы мен спортқа деген жауапкершіліктің нақты көрінісі. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері үшін жоғары физикалық дайындық кәсіби қызметтің маңызды талаптарының бірі болып саналады.
Фестиваль аясындағы спорттық дода қатысушылардың шымырлығы мен төзімділігін сынап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
Канафин Ертайдың жүлделі нәтижесі – табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Осындай жарыстарға қатысу қызметкерлердің спорттық шеберлігін шыңдап, жастар мен әріптестер арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтының маңызын арттыруға ықпал етеді.









