Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы, драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 129 жыл толып отыр

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы, драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 129 жыл толып отыр
    28 қыркүйек – Мұхтар Әуезовтің туған күні
    Бүгін қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы, драматург, ғалым және қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 129 жыл толып отыр.
    Мұхтар Әуезов – ұлттық руханиятымызды әлемдік деңгейге көтерген ұлы тұлға. Қаламгердің әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы халқымыздың тарихын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен рухани болмысын кеңінен танытқан баға жетпес әдеби мұраға айналды.
    Ұлы суреткердің тағылымға толы шығармалары жас ұрпақты білімге, парасаттылыққа, отансүйгіштікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Мұхтар Әуезовтің мол мұрасы халқымызбен бірге мәңгі жасай береді!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары