«AUYL SPORT – 2026» – ауыл жастарына үлкен мүмкіндік!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «AUYL SPORT – 2026» – ауыл жастарына үлкен мүмкіндік!
    «AUYL SPORT – 2026» – ауыл жастарына үлкен мүмкіндік!
    Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының аудандық ауылдарынан келген 470 жас спортшының қатысуымен «AUYL SPORT – 2026» облыстық турнирі өтуде.
    📅 30 қыркүйек – 3 қазан аралығында ұйымдастырылып отырған дүбірлі додада жас спортшылар 7 спорт түрі бойынша бақ сынауда.
    ❇️ Тарбағатай ауданының намысын қорғаған Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары да жарыста жоғары нәтиже көрсетті:
    🥇 Айдынұлы Алинұр – 52 кг салмақ дәрежесінде І орын;
    🥈 Манарбеков Нұрали – 41 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді!
    👏 Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Спортшылардың жеңісіне үлес қосып жүрген бапкерлері Дауытбеков Самғат пен Алимов Берікке алғысымызды білдіреміз.
    Жеңістеріңіз көп болсын! Биік белестерді бағындырып, мектебіміздің және Тарбағатай ауданының абыройын асқақтата беріңіздер! 🏆🇰🇿
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары