«Құқықтық көмек» іс-шарасы өтті

    «Құқықтық көмек» іс-шарасы өтті

    Құқықтық көмек» іс-шарасы өтті

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» атты іс-шара өткізілді.

    Іс-шараға жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын дұрыс қолдану және өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында пікір алмасты.

    Іс-шара барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Н. Адамқұлов қатысып, салық заңнамасына қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндірме берді.

    Атап айтқанда, қатысушыларға жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер, салық міндеттемелерін орындау тәртібі және салық саласына енгізілген жаңашылдықтар бойынша құқықтық кеңестер ұсынылды.

    Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін жетілдіруге, заңнаманы дұрыс түсініп, практикада тиімді қолдануына және азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары