АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ МАҚТАЛЫДА ӨТТІ

    АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ МАҚТАЛЫДА ӨТТІ
    АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ МАҚТАЛЫДА ӨТТІ
    Мақталы ауылдық округінде Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тұрғындармен кезекті есептік кездесуі өтті. Жиында елді мекендердің әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелері ашық талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне нақты жауаптар берілді.
    Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен есептік кездесуі бекітілген кестеге сәйкес Мақталы ауылдық округінде жалғасты. Теміржол елді мекенінде өткен басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «ӘДІЛЕТ» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, ауданның құзырлы органдары мен дербес бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаты Азамат Қожабаев пен ауыл тұрғындары қатысты.
    Баяндамадан гөрі сұрақ-жауап пен ұсыныс-пікірге, еркін форматтағы ашық сұхбатқа басымдық берілген кездесуде азаматтар негізінен елді мекендердегі көше жөндеу, жарықтандыру, газдандыру секілді округтің инфрақұрылымын жақсартуға қатысты мәселелерді көтерді. Көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
    Көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша нақты шешімдер қабылданып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Қосымша зерделеу мен қаржыны қажет ететіндерінің заң аясында уақытылы орындалуы бақылауға алынды.
    «Ашық форматтағы мұндай кездесулер жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтып, елді мекендердегі өзекті мәселелерді халықтың өз аузынан тыңдап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндіктен әр мәселенің заң аясында уақытылы шешімін табуы біз үшін маңызды» деді аудан басшысы кездесу соңында.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары