Көміртек тотығының түсі де, иісі де жоқ, сондықтан ол өте қауіпті. Үйіңізге көміртек тотығы датчигін орнатыңыз! Қауіпті мөлшер анықталған кезде датчик дер кезінде дыбыстық белгі береді.
Пеш пен мұржаның жарамдылығын үнемі тексеріп, мұржаны күйеден тазартыңыз.
Датчик – адам өмірін сақтап қалуы мүмкін!




