Шөпті арнайы белгіленген орындарда, ғимараттардан, электр желілерінен және от көздерінен алыс жерде сақтау қажет.
Шөпті пештердің, жылыту құралдарының және түтін мұржаларының маңында жинауға және сақтауға тыйым салынады.Шөп сақталатын жерде темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
Өрт сөндіру техникасының еркін өтуін қамтамасыз етіп, шөптің өздігінен тұтануын болдырмау үшін оның жағдайын тұрақты бақылаңыз.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз — шөп пен мүлікті өрттен қорғаңыз!




