Су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында азаматтарға шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеміз.
Суға шығар алдында кеменің жарамдылығына және қажетті құжаттардың болуына көз жеткізу қажет. Барлық жолаушылар құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етіліп, оларды киіп жүруге тиіс. Қозғалыс кезінде орынсыз тұруға және ауысуға, кеме жүргізушісіне кедергі келтіруге және кемеге белгіленген мөлшерден артық жүк салуға жол берілмейді.
Шағын көлемді кемені алкогольдік масаң күйде басқаруға жол берілмейді. Қолайсыз ауа райы жағдайында суға шығуды кейінге қалдыру қажет.
Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Аққулы ауданының ТЖБ



