Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстары

    Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстары

    Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Досановпен «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «№ 37 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұжымымында еңбек заңнамасы талаптарын, оның ішінде еңбек шарттарын рәсімдеу, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

    Бұл кездесудің негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру болып табылады.

    Кездесулер барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары