САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жібек жолы елді мекенінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың салдарын жедел жою және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңадан өрт сөндіру бекеті салынуда.
    Аудан басшысы Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, құрылыс жұмыстарының жай-күйін саралады. Аудан басшысы өрттің алдын алу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, жауапты мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
    Қазіргі таңда нысан ғимараттың негізгі құрылыс жұмыстары, сыртқы абаттандыру, асфальт жабынын төсеу жұмыстары аяқталған.
    Ал ішкі әрлеу және едендерін салу жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес жүргізілуде.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары