
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен бюджеттік комиссия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы, әкім орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ ауданға қарасты дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды. Отырыста қала мен ауылдық округтердің, сондай-ақ дербес бөлімдердің бюджеттік өтінімдері мен ұсыныстары жан-жақты талқыланып, әрбір бағыт бойынша қаржыландыру көлемі сараланды. Бүгінгі таңда бюджеттің нақты орындалуы мен болжамының жоспары қаралып, аудан бюджетінің кірісі мен шығысына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес қажетті түзетулер енгізуді тапсырды.
Аудан басшысы қала және ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала басшыларына бюджет кірісін ұлғайту бағытында нақты тапсырмалар жүктеп, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану — басты міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ әрбір тиынның заң талаптарына сәйкес және ашық игерілуі қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі








