Аумақтық әділет органдарының қызметкерлеріне арналған ауқымды практикалық семинар өткізілді

    Аумақтық әділет органдарының қызметкерлеріне арналған ауқымды практикалық семинар өткізілді

    Ағымдағы жылдың 22-23 қыркүйегінде ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті “Болотов және Партнеры” ЖШС-мен бірлесіп аумақтық әділет органдарының қызметкерлеріне арналған ауқымды практикалық семинар өткізді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай және Абай облыстары Әділет департаменттерінің және көрсетілген аймақтардың кеден қызметінің мамандары қатысты.
    Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы А.Туктыбаева және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы А.Мухитқызы кіріспе сөз сөйледі.
    ​Семинардың басты мақсаты-қатысушылардың зияткерлік меншік объектілерін, авторлық және сабақтас құқықтарды, өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы құқықтық және практикалық даярлық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, заңнаманы қолдану дағдыларын қалыптастыру, контрафактілік тауарлардың айналымын тоқтату, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу барысында әкімшілік істерді қозғау тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

    Семинар барысында, ҚР ӘМ «ҰЗМИ» бас маманы Р.Капышевпен, «Болотов и Партнеры» ЖШС серіктесі Ж.Нурмагамбетовпен, «SKF» құқық иеленушісінің өкілі Л.Гершуни, сондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Е.Жетписбаев және Шымкент қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы М.Абдезовтың қатысуымен ақпараттық баяндамалар ұсынылды және тәжірибелік мәселелер талқыланды.​ Сонымен қатар, тауарлардың түпнұсқалығы мен контрафактілік өнімдердің белгілерін ажырату бойынша құқық иеленушілердің өкілдерімен тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.​ Семинар кейс-талдау, топтық жұмыс және пікір алмасу форматтарында өткізіліп, қатысушыларға зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға және практикалық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.
    Іс-шара соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары