
2026 жылғы 24 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Назарбаев Университетінің студенттері үшін «Даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің ассистент-профессоры, доктор Артан Каринидің ұйымдастыруымен өтті.
Студенттерге даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, Қазақстанның халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылы және одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Дәріс студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, халықаралық даму мен ынтымақтастық мәселелері бойынша мазмұнды пікірталас пен пікір алмасу түрінде жалғасты.








