
Құтқарушылардың кәсіби даярлығы, теориялық білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдау қабілеті бағаланды
Түркістан облысының жедел құтқару жасағында құтқарушылардың кезекті аттестациясы өткізілді.
Аттестация құтқарушыларға кезекті мәртебе мен сыныптылық беру, сондай-ақ қолданыстағы біліктілік деңгейін растау мақсатында ұйымдастырылды.
Сынақ барысында мамандардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жан-жақты бағаланды. Құтқарушылар теориялық білімдерін көрсетіп, практикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі дұрыс шешім қабылдау қабілеті, кәсіби даярлық деңгейі және қызметтік міндеттерді орындауға дайындығы сараланды.
Аттестация барысында құтқарушылардан жоғары жауапкершілік, шапшаңдық, төзімділік және практикалық дағдылар талап етілді. Сынақ нәтижелері мамандардың кәсіби деңгейін айқындауға және олардың біліктілігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Құтқарушының кәсіби даярлығы – төтенше жағдай кезінде адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан мұндай аттестациялар мамандардың білімін, дағдыларын және қызметтік дайындық деңгейін тұрақты түрде жетілдіруге бағытталған.
Түркістан облысының құтқарушылары алдағы уақытта да төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша міндеттерді сапалы орындауға дайын.









