ӘЛЕМДІ 60 МИНУТТА АРАЛАУ» ✈️🗺️

    ӘЛЕМДІ 60 МИНУТТА АРАЛАУ» ✈️🗺️

    🌍 «ӘЛЕМДІ 60 МИНУТТА АРАЛАУ» ✈️🗺️
    27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай студенттер арасында «Әлемді 60 минутта аралау» атты танымдық ойын-сайыс ұйымдастырылды.
    Іс-шара барысында студенттер бірнеше командаға бөлініп, туристік бағыттағы қызықты кезеңдерден өтті. «Туристік визитка», «Туристік блиц», «Рюкзакты жина!», «Суреттен тап!», «Туристік крокодил», «Туристік жағдаят» секілді ойындар арқылы қатысушылар өздерінің білімін, тапқырлығын, шапшаңдығын және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. 🧭🎒
    Сайыстың басты мақсаты – жастардың туризм саласына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның көрікті туристік орындары туралы білімдерін кеңейту және саяхат мәдениетін насихаттау болды. 🇰🇿✨
    🌿 Туризм – тек саяхат емес. Ол – жаңа жерлерді тану, жаңа әсер алу, дүниетанымды кеңейту және әлемді өзгеше қырынан көру!
    Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғыс білдіреміз! 💐
    Саяхатқа толы әрбір қадам жаңа әсер мен жаңа білімге бастасын! 🌏💫

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары