2026 жылдан бастап салық есептілігіндегі қателерді түзетудің жаңа тәртібі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    2026 жылдан бастап салық есептілігіндегі қателерді түзетудің жаңа тәртібі

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бұрын ұсынылған салық есептілігіне өзгерістер енгізу тәртібі өзгерді.

    Бұрын салық төлеушілер бұрын ұсынылған есептілікті кері қайтарып ала алатын болса, 2026 жылдан бастап мұндай мүмкіндік алынып тасталды. Негіз: ҚР Салық кодексінің 115-бабы 9-тармағы. Тек тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қана бұдан тыс болып табылады.

    Қатені қалай түзетуге немесе мәліметтерді қалай толықтыруға болады?

    ҚР Салық кодексінің 116-бабына сәйкес, өзгерістер мен толықтырулар тек мыналарды ұсыну арқылы енгізіледі:

    1. Қосымша салық есептілігі;
    2. Хабарлама бойынша салық есептілігі.

    Назар аударыңыз. Ұсынылған салық есептілігі толықтығы мен толтырылуының дұрыстығына форматтық-логикалық бақылаудан өтеді. Есептілік тек «Құжат қабылданды» мәртебесі берілген жағдайда ғана ұсынылды деп есептеледі.

    Формаларды толтыру кезінде мұқият болыңыздар және қабылданған құжаттардың мәртебесін уақытылы тексеріп отырыңыздар!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары