КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

    КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
    Құрметті аудан тұрғындары!
    2026 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.
    🇰🇿 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 18-ден 27 жасқа дейінгі, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға заңды негіздері жоқ ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады.
    Құрметті ата-аналар мен жастар!
    ✅ Әскери қызмет – жас азаматтың Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуіне, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруына, жаңа ортада тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретін маңызды кезең.
    ✅ Осыған байланысты әскерге шақырылуға жататын азаматтарды шақыру бойынша белгіленген уақытта әскери басқару органына келуге, медициналық тексеруден уақтылы өтуге, қажетті құжаттарды белгіленген тәртіппен ұсынуға және әскери есепке қатысты мәліметтерін нақтылауға шақырамыз.
    ✅ Ата-аналарға балаларының әскери қызметке шақыру рәсімдерінен уақтылы өтуіне қолдау көрсетіп, олардың Отан алдындағы азаматтық міндетін жауапкершілікпен орындауына ықпал етулеріңізді сұраймыз.
    ✅ Әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға немесе бөлімге жүгінуге болады.
    📌 Отанды қорғау – әр азаматтың абыройлы міндеті! Жастарды ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға атсалысуға шақырамыз!
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары