
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойы аясында қорықтың ғасырлық тарихына арналған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Архивтік фотосуреттер, тарихи деректер мен қорықтың әр кезеңінен сыр шертетін материалдар келушілерді 1926 жылдан бүгінге дейінгі жолмен таныстырады. Бір ғасырда көп нәрсе өзгерді. Буындар ауысты, зерттеу тәсілдері жаңарды. Ал табиғатты қорғау ісі үзілген жоқ — бір буын бастаған жұмысты келесі буын жалғастырып келеді. Бұл көрме — өткенге көзқарас қана емес. 100 жыл бойы атқарылған еңбектің, жинақталған тәжірибенің және бүгінге жеткен табиғи мұраның тарихы. 1926 → 2026. Бір ғасыр. Бір аманат.








