
Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан "Әділет" партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Қабылдауда тұрғындардың әрбір ұсыныс-пікірі, өтініштері мен сауалдары назардан тыс қалмай, әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылды. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты басшылар тарапынан түсіндірмелер беріліп, бірқатар азаматтардың мәселелерінің шешілу жолдары көрсетілді.
Қабылдау барысында көтерілген кейбір мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, заңдылыққа сәйкес тұрғындарға мүмкіндігінше тезірек көмек көрсетуді тапсырды.









