
Қостанай қаласындағы №25 жалпы білім беретін мектеп базасында төтенше жағдайларға ден қою кезінде жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес бөлімшелер балалар көп жиналатын нысанда шартты өрт туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтады. Барлау жүргізіліп, өрт сөндіру-құтқару техникасы орналастырылды, оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды, адамдарды іздеу және құтқару, сондай-ақ шартты зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары атқарылды.
Оқу-жаттығуға Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының өртке қарсы қызмет бөлімшелері, Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығы қатысты.
Барлығы 35 адам жеке құрам және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылына, шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыруға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
ТЖМ ескертеді: төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.








