Азаматтарды қабылдау

    Азаматтарды қабылдау

    Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ә.С. Қуантыровтың азаматтарды жеке қабылдауы өтті.

    Кездесу оффлайн және онлайн режимінде болды.

    Кездесуге Қарағанды облысынан Теміртау қаласының экоактивисті М. Бошель келді, Теміртау қаласының тұрғындары үшін жыл сайынғы тегін скринингті енгізу бойынша, ірі табиғат пайдаланушының міндеттемелері бойынша, Қарағанды облысында Ботаникалық бақ құру бойынша ұсыныстарды айтып, Теміртау қаласының экология мәселелері бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырды.

    «Табиғат» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ президенті Қ. Жұмалиев аңшылық саласын цифрландыру және жануарлар дүниесі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар ұсынды.

    Тәжірибеші экологтар қауымдастығының Басқарма төрағасы Л. Маликова онлайн форматта өткен кездесуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы Экологиялық кодексінің нормаларына өзгерістер енгізу, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспардың әдістемесін әзірлеу, ауа сапасын жақсарту жүйесі бойынша жалпы іс-шараларды әзірлеу, қалдықтардың пайда болуын есепке алу журналы бойынша жол картасын әзірлеу, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтау және т. б. бағыттар бойынша ұсыныстарын айтып өтті.

    Қоғам белсендісі, Ақмола облысының экоактивисті Н. Катчиев Степногорск қаласындағы, Бестөбе кентіндегі стихиялық қоқыс үйінділері, ҚТҚ полигонының болмауы мәселелерін көтерді, қоғамдық тыңдаулар және радиациялық қалдықтарды көмудің тарихи орындарын рекультивациялау мәселелерінде қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар айтты.

    «BIOGENIC Developments» ЖШС өкілі А.Абдувалиев «Шымкент қаласында кәдеге жарату қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі технопарк құрылысы» жобасын ұсынды, жоба «Жасыл даму» АҚ қолдауымен іске асырылып жатқанын және Өнеркәсіпті дамыту қорында келісу кезеңінен өтіп жатқанын және бүгінгі күні жобаның дайындығы 70% құрайтынын атап өтті.

    Барлық сұрақтарға жеке қабылдауға қатысушылар егжей-тегжейлі түсініктеме алып, Министр тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсырмалар берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары