Миграционные процессы в районе Алтай

    2026 жылғы қаңтар-шілде деректері бойынша көші-қон алмасу нәтижесінде ауданнан 1380 адам көшіп кеткен, ал 1094 адам ауданға көшіп келген. 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда Алтай ауданына келгендер саны 1,6 %-ға артты, ал кеткендер саны 5 %-ға азайды. Республиканың басқа облыстарынан 223 адам келді, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 207 адамды құраған.

    Ауданнан кеткендердің басым бөлігі (1 095 адам немесе жалпы кеткендердің 79,3%-ы) облыстың басқа аудандарына қоныс аударған. 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында сәйкесінше 1 113 адам немесе 76,6% кеткен. Жақын шетел мемлекеттеріне 40 адам (жалпы кеткендердің 2,9%-ы) қоныс аударды, тиісті кезеңде бұл көрсеткіш тиісінше 67 адамды немесе 4,6%-ды құрады.

    2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 268 адамды құраған көші-қон кемуі қалыптасты, ал 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында бұл көрсеткіш 377 адамды құраған.

    Орындаушы:

    Охременко Е.Н.

    Тел. +7 (72335)62313

    Басқарма басшысы:

    Охременко Е.Н.

    Тел. +7 (72335)62313

    Мекенжай:

    Алтай қаласы, Несмеянова көшесі 39

    Алтай аудынының статистика басқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары