Медицина ұйымдарының техникалық базасы жаңартылуда

    Медицина ұйымдарының техникалық базасы жаңартылуда
    Медицина ұйымдарының техникалық базасы жаңартылуда
    2026 жылы денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыруға 5,17 млрд теңге жоспарланған.
    Республикалық бюджеттен 2,43 млрд теңге бөлініп, Талас және Шу аудандарына 2 ангиограф пен 2 МРТ аппараты сатып алу көзделген. Сонымен қатар онкология және балалар ауруханаларына 521,2 млн теңгеге заманауи диагностикалық жабдықтар алынуда.
    Облыстық бюджет есебінен 2,21 млрд теңгеге 71 медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарланған. Цифрландыру аясында «Cerebra» жүйесіне 110 млн теңге, Emdeu AI платформасына 224,7 млн теңге қарастырылған.
    Бұдан бөлек, жедел жәрдем және медициналық авиация қызметіне 60 санитарлық автокөлік алынды.
    Қазір өңірдегі медициналық ұйымдардың тиісті жабдықпен қамтылу деңгейі 92,7 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 92,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары