
Медициналық нысандар жаңартылуда
2026 жылы өңірдегі 5 медициналық нысанда күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып, оған 448,8 млн теңге қарастырылған. Бүгінде жоспарланған жұмыстар толық аяқталды.
Күрделі жөндеу жұмыстары Қордай ауданы Арал ауылындағы ФАП ғимаратында, Жуалы ауданындағы Түктібай және Қызыларық ауылдарындағы медициналық пункттерде, сондай-ақ Байзақ ауданындағы Дихан ауылында орналасқан Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының ғимаратында жүргізілді.
Жөндеу жұмыстары медициналық нысандардың жағдайын жақсартып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.







