
Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Айналайын» балалар үйінде «Жетісу кереметтері» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.Көрме барысында балалар Жетісу өңірінің қайталанбас табиғатымен, көрікті жерлерімен және өлкемізде мекендейтін жануарлар әлемімен танысты.Балаларға Жетісудың табиғи байлығы, аң-құстары және оларды қорғаудың маңызы туралы қызықты ақпараттар ұсынылды.









