
Қостанай облысы ТЖД-де Жедел-құтқару жасағының ағымдағы жылдың 8 айындағы қызмет қорытындысы шығарылды.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Камильевич Абдиров Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында бөлімшенің ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысы қаралды. Жеке құрамның төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығы, қызметтік жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ құтқарушылардың кәсіби және дене шынықтыру даярлығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар күнделікті қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Департамент бастығының орынбасары алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді белгілеп, күштер мен құралдардың тұрақты әзірлігін қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті сақтауға және қызметкерлердің кәсіби шеберлігін одан әрі арттыруға назар аударды.









