Қостанай облысында жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жалғасуда

    Қостанай облысында жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жалғасуда

    Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жалғасуда.

    Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 70%-ға орындалды.

    Ғимаратта бөлмеаралық есіктер, еден жиектері және жылыту радиаторлары орнатылды. Қазіргі уақытта жарықтандыру жүйесі мен розеткаларды орнату үшін электр сымдарын тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өрт сөндіру бекетінің үй-жайлары қажетті жиһаздармен жабдықталды.

    Жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдай жасауға және бөлімшенің төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

    Нысандағы жұмыстар жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары