Қарағандылық спортшы, қылышшы Артем Саркисян Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, соңғы 32 жылдағы жекелейжарыстарда отандық семсерлесу үшін үздік нәтиже көрсетті.
Медальға жету жолында біздің жерлесіміз 1/8 финалда Үндістан өкілі Гишо Нидхи Кумаресан Падманы 15:11 есебімен сенімді түрде жеңіп, ширек финалда командалық сабляда Париж-2024 Олимпиада чемпионы До Гёндонды (Оңтүстік Корея) 15:14 есебімен жеңді. До Гёндон 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері жәнеқылышшылардыңәлемдікрейтингі көшбасшыларының бірі болып табылады.
Жартылай финалда қазақстандықтың қарсыласы әлемдегі ең мықты семсерлесушілердің бірі - үш дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионыО Сан Ук болды.Одан9:15 есебімен жеңілгеніне қарамастан, Саркисян турнирді тарихи қола медальмен аяқтады.
Ол 1994 жылдан бері Азия ойындарында қылыштан жекелейжарыстарда Қазақстанның бірінші медалисі атанды және отандық семсерлесу тарихына енді.
Естеріңізге сала кетейік, аралас жекпе-жек Жапониядағы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш енгізілген болатын.Қарағандылық жауынгер Санжар Әділов ММА-дағы Азия ойындарында марапатқа ие болған қазақстандық алғашқы спортшылардың қатарына енді.Осылайшабіздің спортшыларымызҚазақстанға тарихи жеңістер әкелуде!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









