
«Ауыл спорты – 2026» облыстық біріншілігінің аудандық кезеңі өтті
2026 жылғы 23 қыркүйекте аудан орталығында 2011 жылы туған қыздар арасында волейболдан «Ауыл спорты – 2026» облыстық біріншілігінің аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Жарысқа аудан мектептерінен 6 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебінің командасы;
ІІ орын – Көкбай атындағы орта мектебінің командасы;
ІІІ орын – Абай атындағы ММГИ командасы иеленді.
Жүлдегер командалар, үздік ойын көрсеткен оқушылар аудандық білім бөлімінің грамоталары және медальдарымен марапатталды.









