
«Ауыл спорты – 2026» жарысының аудандық кезеңі өтті
2026 жылғы 22 қыркүйек күні аудан орталығында 2011 жылы туған мектеп оқушылары (ұлдар) арасында «Ауыл спорты – 2026» облыстық жарысының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді.
Жарысқа аудан мектептерінен 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – М.Әуезов атындағы орта мектебінің командасы;
ІІ орын – Абай атындағы ММГИ командасы;
ІІІ орын – ЖОББМ командасы иеленді.
Жүлдегер командалар мен жарыста үздік ойын көрсеткен оқушылар аудандық білім бөлімінің арнайы грамоталары және медальдарымен марапатталды.








