Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, елді мекен аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарын сақтау – әрбір меншік иесі мен жер пайдаланушының міндеті.
Осыған байланысты сіздерді өздеріңізге тиесілі және іргелес аумақтарды таза әрі абаттандырылған күйде ұстауға, қоқысты уақытылы шығаруға, арамшөптерді шабуға, ғимараттар мен қоршаулардың тазалығын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Абаттандыру қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Таза ауыл – ортақ міндет!









