
Бүгін Павлодар қаласындағы Циолковский көшесінде орналасқан кәсіпорындардың бірінің аумағындағы бір қабатты ғимарат шатырының өртенгені туралы «101» операторының пультіне хабарлама түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін пластмасса бұйымдарын өндіретін цехтың шатырындағы өртті сөндіруге дереу кірісті. Өрт аумағы шамамен 550 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында шамамен 100 шаршы метр аумақта шатырдың бір бөлігі опырылып түсті.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, атап айтқанда өрт сөндірушілер, құтқарушылар және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 22 адам және 7 техника тартылды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.








