Тұран шағынауданында жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

    Тұран шағынауданында жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

    Халық қатысатын бюджет жобасы аясында Тұран шағынауданы, Түркібасы көшесінің бойында тұрғындардың игілігіне арналған ашық спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

    Жаңа алаңша балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, белсенді қозғалыспен айналысуына және спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында салынды. Алаң аумағында балаларға арналған ойын элементтері мен тұрғындардың дене шынықтыруына арналған спорттық құрылғылар орнатылған.

    Аталған нысан шағынаудан тұрғындарының ұсыныстары мен сұраныстары негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылды.

    Жоба бойынша мердігер мекеме – «Талап» қоғамдық бірлестігі.

    Жаңа спорт және ойын алаңшасы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, балалардың белсенді демалысын ұйымдастыруға және шағынауданның көркейіп, абаттануына өз үлесін қосады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары