Нұртас шағынауданы, Ақбота көшесінің бойында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және елді мекен аумағын абаттандыру мақсатында жаңа гүлзардың құрылысы жүргізіліп, толық аяқталды.
Жалпы көлемі 18 соток жер учаскесін қамтитын гүлзар аумағында тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне арналған бірқатар нысандар қарастырылған.
Атап айтқанда, гүлзар аумағында:
• балаларға арналған ойын кешені;
• жастар мен тұрғындарға арналған воркаут алаңы;
• теннис үстелі;
• тұрғындардың демалуына арналған жайлы орындар;
• аумақтың көркін арттыратын субұрқақ орналасқан.
Гүлзардың салыну қажеттілігі жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып туындаған. Сонымен қатар, аумақты таңдау барысында оның әлеуметтік маңыздылығы ескерілді.
Жоба мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Жобаның тапсырыс берушісі – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты КММ, мердігер мекеме – ОО ОИ «RIZYQ».
Жаңа гүлзар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, шағынауданның көркін ажарландыра түсті.








