
2026 жылғы 22 қыркүйекте облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сапановтың төрағалығымен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жұмысының қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындылары талқыланып, 2026 жылдың IV тоқсанына арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, көмек көрсетудің проактивті форматына көшу және азаматтарға арналған цифрлық сервистерді енгізусияқтынегізгі бағыттарталқыланды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Б. Қизатов өңірдегі еңбек қаіпсіздігі, жазатайым оқиғалардың алдын алу, кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешек және еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесіндегі сәйкессіздіктер бойынша сөз сөйледі.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары қала және аудан әкімдіктерінің басшылығына нақты тапсырмалар берді.
Басты назар – азаматтарға нақты көмек көрсету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне аударылды.









