Экология және энергетика: жалпы вектор

    Экология және энергетика: жалпы вектор

    Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. С. Қуантыров Қазақстанның KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы С. А. Брекешевпен жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесудің негізгі тақырыбы ынтымақтастықты нығайту, энергетикалық компаниялардың экологиялық жауапкершілігі және саланы дамыту мен табиғи ресурстарды сақтау арасындағы тепе-теңдікті іздеу.

    Тараптар экологиялық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты және бірлескен жұмысты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.

    2028 жылы Астанада өтетін WPC Energy 26-шы Дүниежүзілік энергетикалық конгресіне ерекше назар аударылды. Конгресс тұрақты дамуды, энергетикалық ауысуды және заманауи экологиялық шешімдерді талқылау үшін маңызды халықаралық алаң болады.

    С. Брекешев атап өткендей, KAZENERGY экология саласындағы ынтымақтастықты дамытуды және Қазақстанның энергетика саласын жауапты және тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты және жақын арада ҚР ЭТРМ алаңында проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылауды белгіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары