СҚО СЭБД-де тұмау және ЖРВИ профилактикасы бойынша шаралар талқыланды

    СҚО СЭБД-де тұмау және ЖРВИ профилактикасы бойынша шаралар талқыланды
    📌 2026 жылғы 21 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда Солтүстік Қазақстан облысында тұмау және басқа да ЖРВИ-дің алдын алу шаралары туралы» тақырыбында семинар өтті.
    ⚡️ Іс-шара бейнеконференция форматында Департамент басшысының орынбасары
    А.С. Күшбасовтың төрағалығымен өткізілді.
    ⚡️ Семинарға облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, қалалық емханалар мен аудандық ауруханалар директорларының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, инфекционист дәрігерлер және госпитальдық эпидемиологтар қатысты.
    ⚡️ Семинар барысында тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу, эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру, сондай-ақ тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының зертханалық диагностикасы бойынша өзекті мәселелер қаралды.
    ⚡️ Ауруларды уақтылы анықтау, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау, зертханалық зерттеу үшін биологиялық материалды дұрыс алу және тасымалдау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың алдағы эпидемиялық маусымға дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    ⚡️ Семинарды өткізу облыстың медициналық ұйымдарының 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындығын арттыруға және тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу шараларын жетілдіруге бағытталды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары