Дүниежүзілік тазалық күні

    🌲 «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day) халықаралық экологиялық акциясы аясында Чистопол ауылдық округінде экологиялық жағдайды жақсартуға және оны абаттандыруға бағытталған сенбілік өтті.
    Маңызды іс-шаралардың бірі қарағай, қайың және көктерек көшеттерін отырғызу болды. Жаңа ағаштар көшенің сәнін келтіріп, ауылдың жасыл желегіне айналады, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосады.
    Экологиялық акцияға ауылдық округтің ұйымдары қатысты. Қатысушылар күш біріктіре отырып, аумақты көгалдандыруға және тұрғындар үшін жайлы жағдай жасауға атсалысты. 🌱 Мұндай іс-шаралар табиғатқа деген қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын еске салады. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз туған өлкемізді бұдан да таза, жасыл әрі жайлы ете аламыз.
    Ауылымыздың тазалығы мен сұлулығы — баршамызға ортақ іс!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары