
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округінде «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
✅Аталған акция халыққа қолжетімді әрі сапалы құқықтық көмек көрсетудің, жарқын үлгісіне айналды.
✅Іс-шараның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтық және қаржылық
сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын кеңінен түсіндіру болды.
✅Тұрғындар сауалдарына нақты әрі түсінікті жауаптар алып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тимді тетіктерімен танысты. Атап айтқанда, шоттарға тыйым салу жане оларды бұғаттау мәселелері, алаяқтық фактілері, сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй, отбасылық және еңбек қатынастары бойынша қойылған сұрақтарға сала мамандары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді.









