Студенттерге дәріс өткізілді

    Студенттерге дәріс өткізілді

    ЗАҢГЕРЛІК КУРС: НОТАРИАТ

    Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттеріне нотариат саласы және әділет органдарының қызметі туралы дәріс өткізілді. Дәрісті Әділет департаментінің Құқық түсіндіру бөлімінің басшысы Нұржанова Гүлдана Боранбаевна өткізді.

    Дәріс барысында студенттерге нотариаттың құқықтық негіздері, нотариустың қызметі және нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар атқарушылық жазбаның құқықтық мәні, оны жасау тәртібі және атқарушылық жазбаның күшін жою тәртібі бойынша түсіндірме берілді.

    Іс-шара болашақ заңгерлердің кәсіби білімін жетілдіруге, нотариат саласындағы практикалық білімдерін арттыруға және құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары